Сербияның астанасы – Белград қаласында 53-ші мәрте мәреге жеткен «Боеградски Победник» халықаралық турнирінде Қазақстан боксшылары командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Олар бұған жарыста 4 алтын, 1 қола медаль иелену арқылы қол жеткізді.
Жерлестерімізге бірінші алтын медальды 52 кг салмақтағы астаналық Азат Махметов әперді. Ол ширек финалда франциялық Элие Конкиді, жартылай финалда германиялық Ронни Бебликті 3:0 деген бірдей есеппен ұтып, финалда молдован Александр Рисканды 2:1 етіп тізе бүктірді. Бұлардың соңғы екеуінің талай сайыста жүлде алып жүрген тарландар екенін жанкүйер қауым білетін шығар деген ойдамыз.
Келесі алтын медальға алматылық Жанболат Тілегенұлы (56 кг) ие болды. Турнирді жартылай финалдан бастаған ол шотланд Стефан Бойлені – 3:0, молдован Вячеслав Гоянды 2:1 есептерімен жеңді. Ал қызылордалық Рустам Сваев (75 кг) турнирдің жеңімпазы болумен қатар, оның ең үздік боксшысы да атанды. Бір қызығы, аталмыш атақ онымен финалда шайқасқан серб Александер Дреновакқа да берілді. Біздің жігіт бұл ұрысты 2:1 есебімен өз пайдасына шеше білді. Рустам мұның алдында шотланд Борис Кригтон – 2:1, норвегиялық Сурхо Шамиловтан 3:0 есептерімен басым түскен еді.
Команда қоржынындағы төртінші алтын медальды шымкенттік Нұржан Бекзатов әкелді. Аса ауыр салмақтағы боксшымыз өзінің осындағы екі айқасын да мерзімінен бұрын аяқтады. Атап айтқанда, жартылай финалда молдовалық Алексей Златинді 2-раундта нокаутқа жіберген ол финалда серб Неманья Столичті 1-раундта-ақ «іске алғысыз» етіп тастады.
Шымкенттік тағы бір боксшымыз, 81 килоға дейінгі салмақтағы Нұрбол Алтаев қола медальмен тоқтады. Ширек финалда бірінші ұрысын чех Томас Безводамен өткізіп, жеңіске жеткен (3:0) ол жартылай финалда грек Полинейкис Каламарастан ұтылды – 1:2. Ал 60 кг салмақтағы семейлік Ілияс Жақсылықов алғашқы шайқасын кейін турнирдің жеңімпазы атанатын голландиялық Энрико Ле Крузбен өткізіп, 0:3 есебімен есе жіберіп алды.
Турнирге барлығы 20 елден 116 былғары қолғап шебері қатысты. Командалық есепте екінші орынға Молдова құрамасы шықса, үшінші сатыға Шотландия боксшылары орналасты. Қазақстан құрамасын бұл жарысқа жаттықтырушы Марат Елеусінов бастап барды.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40