
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көрмеде Бауыржан Момышұлының жеке күнделігі, 1955-1956 жылдары Калинин қаласында пайдаланған қойын дәптері, соғыс кезіндегі қолданған жеке картасы, портреті, фото-суреттері, қаһармандық ерлігі туралы жазылған көркем туындылар мен Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи кітаптар қойылған.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жас ұландары, студенттер мен архив қызметкерлері, тарихшы, ғалымдар қатысты.