
Фото: Қырмызы Жұмағалиқызы
Бұл күні Түркістанның басты алаңдарында қазан-қазан көже пісіріліп, келген қонақтар мен қала тұрғындарына Наурыз көжені 150 теңгеден сатылып жатыр. Ал, жиналған барлық қаражат балалар үйіне қайырымдылық ретінде беріледі. Ыстық пейіл мен ақ тілектің көрінісіндей болған бұл шараға жиналған жұрт мерекелік көңіл күймен бөлісіп, көне шаһардың дархан дастарханынан дәм татты.
Қала әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырылған бұл игі бастама Түркістанның қонақжай дәстүрін тағы бір мәрте айшықтап, Гиннес рекордтар кітабына енбекші. Алаңдар мен саябақтарда ұлттық ойындар ойнатылып, ән-күйден шашу шашылып, мереке шаттыққа толды.