Айлап-апталап кешіксе де ауылда тұратын ағайынды газет-журналдың өзі іздеп барады. Былайша айтқанда, баспасөзге жазылған болса, сөмке асынған пошташы, әйтеуір, бір жеткізеді. Ал қаладағы ағайындар жазылған газет-журналдарын өздері іздеп жүреді. Өйткені, қаладағы қай үйдің кіреберісінде баяғыдай поштаның темір жәшігі бар дейсіз? Содан үйде күндіз ешкім болмай, есікке қыстырып кеткен газеттің қолды болатыны бар. Ақша шығарып, біреу жазылады, екінші біреу қолтығына қыстырып кетіп, қызығын көреді.
Рас, ауылға қарағанда қала халқының газет-журналға жазылуға деген ықыласының кем болатыны баяғыдан белгілі. Бәлкім, олар көше бойындағы дүңгіршектерден сатып ала салғанды оңай көретін шығар. Мүмкін қолындағы алақандай ұялы телефон арқылы жаңалықтың беттерін парақтап, кеңсе түгілі жеке пәтерлердің өзін өрмекшінің торындай шырмап алған интернеттен бәрін оқып отырамыз дейтін шығар. Қалай айтсақ та, қалалықтардың ақпарат алуда мүмкіндігі мол екені рас. Бірақ, шаһар жұртының газет-журналға жазылайын деген қадамының кібіртіктей беруіне бір жағы осы темір жәшік те кінәлі сияқты. Шынын айту керек, көпқабатты үйде тұратындар газет-журналдарының аман-есен қолына тиетініне сенбейді. Әйтпесе, қалада да күн сайын газет қарамаса ішкен асы бойына сіңбейтін көзі қарақты оқырман көп.
Қит етсек: «Баяғыда ондай еді, мұндай еді...», деп өткенді аңсап шыға келеміз. Әрине, айтуға тұрарлық дүние болғаннан кейін айтылады да. Бұрын осы пошта жәшіктерін орнатуды сол үйдің құрылысын жүргізетін мердігер мойнына алады екен. Қазір де елімізде қаптаған құрылыс. Мердігерлер зәулім үйлер адам баласына ыңғайлы, жайлы болу үшін барлығын жасауда. Бірақ, поштаның осы темір қорабына ешкімнің көңілі түспей тұр. Бәлкім оларды да кінәлауға болмас. Өйткені, темір жәшіктер «тендердің» темірдей талабынан әлдеқашан шығып қалған. Жоғарыдан: «Міндетті түрде болсын», деген пәрмен болмағаннан кейін қай құрылыс басшысы өзі біліп қолға алсын?!
Меніңше, поштаның темір жәшігі анау айтқандай қымбат тұрмаса керек. Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеровтың есептік баяндамасында 573,5 млн. теңгеге 65 пәтерлік екі үйдің құрылысы салынып жатқаны айтылыпты. Ал енді осы үйлерге 6-7 жәшік орнатылу керек. Олардың бағасы жарты миллион теңге бола ма, жоқ па, әй, қайдам... Былайша айтқанда, миығынан күлген миллиондардың табанының астында жататын сома. Бәлкім бұл шаруаны мердігерлер демеуші ретінде өздері-ақ атқарып тастар. Әйтеуір, осы іске басшылардың талабы, ықыласы керек. Көпқабатты үйлердің кіреберісі газет-журнал салатын жәшіктерден көз тартып тұратын күн болар ма екен?!
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29