Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, журналист-жазушы Қайсар қажы Әлімнің осылай аталған кітабында («Фолиант» баспасы, Астана, 2015 ж.) Мекке, Мәдинаға жасаған қажылық сапары (07-29.10.2013 жыл) туралы баяндалады.
Автордың жалпы имандылық құндылықтарына негізделген ой-пайымы, мақсат-аңсары, көрген-білгені, түйсік-түйгені, сезім-сыры кітаптың алтын арқауына айналған.
Бұл кітаптың жазылу сырын автор алғы сөз ретінде берілген «Жүрек сөзі» немесе жолай жоғалған жүгімнің Алланың құдіретімен қолыма тұтастай табысталғаны туралы» деген аңдатпасында айқындап түсіндіріп өтеді. Астана әуежайында жүгінің бір бөлігі ғана қолына тиеді... Екінші бумасы жоқ боп шығады. Сол жүгінде – Құранның сувенирлік кітаптары, Қағба бейнеленген кілемшелер, жайнамаздар, тасбихтар секілді сый-сияпаттары бар болатын. Сондай-ақ, жанын өксіткені – ықтияттап жүргізген күнделік-қолжазбасы да сол қапшықтың ішінде қалған еді...
«Сол күнделік-қолжазбам қайтпағанда, бұл кітабым – қажылық пайымым қалай жазылар еді деп, күңіреніп, іле тәубеме келемін! Жазылар-ау, бірақ ізін суытпай дәптеріме түрткен, деректердің дәлме-дәлдігі, тулаған сезім ұшқыны, имандылық иірімі, тазарған жүрек сөзі, бәрі-бәрі айна қатесіз сол күйінде тіл ұшына оралар ма еді, оралмас па еді...» – деген қаламгердің сабаға түсірген сөзі оқырманды да ауыр ойлардан арылтып алғандай әсер етері сөзсіз.
Сонымен, жақсы кітап өмірге келіпті. «Мекке», «Мәдина» бөлімдерінен тұратын қажылық сапардың әр күні жүрекжарды имандылық иірімдеріне толы екен. Мазмұны суреттермен байытыла түскен.
Нұрбек СӘБИТОВ.

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40