
Бұл флешмоб «Наурызнама» онкүндігі аясында және Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылды. Оған Астана қаласының Білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығармашылық орталығы ұйытқы болды. «Қамажай» – ең танымал халық билерінің бірі. Бұл би көркемдікті, қуанышты бейнелейді. Осындай ауқымда бидің сахналануы – көз тартарлық көрініс қана емес, мәдениетімізді сақтау жолындағы маңызды қадам.