Ғалам ғажаптары • 21 Наурыз, 2025

10 000 литр қымыз піскен

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылы елімізде қымыз пісуден әлем­дік рекорд орнады. Бұл ерекше оқи­ға Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауд­а­нында өтті.

10 000 литр қымыз піскен

Жаңаарқаның 90 жылдығы мен қазақтың даңқты ақыны Сәкен Сейфуллин­нің 125 жыл­ды­ғына орай ұйымдасты­рылған іс-шарада 12 ауыл мен 2 кенттен келген 1 000 адам бір мезетте 1 000 күбіде 10 000 литр қы­мыз пісіп, рекорд жа­сады. Қымыз – қазақ хал­қы үшін жай ғана су­сын емес, мәдениет­тің бір бөлшегі, ата-бабадан қалған мұра.