Аймақтар • 21 Наурыз, 2025

Киелі шаһардағы көктемнің жарқын мерекесі

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі жер жаһанға көктем шуағын шашып, бейбітшілік пен берекенің, татулық пен жаңарудың бастауы болып келді. Табиғаттың оянуы мен жаңа жылдың басталуын білдіретін бұл мейрам қазақ халқы үшін қашанда қасиетті, ерекше мағынаға ие.

Киелі шаһардағы көктемнің жарқын мерекесі

Фото: Қырмызы Жұмағалиқызы

Бүгін, жаңару мен жақсылықтың белгісі болған Наурыз мейрамына орай, Түркістанның «Керуен сарай» кешенінде үлкен мерекелік шара ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлады. Ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін, ата-бабамыздың асыл мұрасын жаңғыртатын бұл мейрам бірлік пен татулықтың символына айналды десек те болады.

түр

Мерекелік шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жиналған жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтап, бұл күннің халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

«Ұлыстың ұлы күні халқымызға құт-береке, молшылық әкелсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ырысымыз ұзағынан болсын!», деді аймақ басшысы.

түр

Наурыз мейрамы – тек табиғаттың жаңаруымен ғана емес, адамның рухани жаңғыруымен де астасатын ерекше күн. Бұл күні ренжіскен жандар татуласып, бауырмалдық пен достық артады. Осы дәстүрді ұлықтаған шара барысында жиналған көпшілік бір-біріне ақ жарма тілектерін жаудырып, мерекенің сәнін келтірді.

түр

Күннің шуағындай жылылық пен қуанышқа толы бұл мереке ұлттық ойындармен, әсем ән мен көркем бимен айшықталды. Алаңға тігілген киіз үйлер қазақ халқының тұрмыс-салтын айшықтап, әр үйдің төрінде қазақтың қасиетті дастарқаны жайылды. Қонақтар наурыз көже мен басқа да ұлттық тағамдардан дәм татып, ақ жаулықты аналардан бата алды.

Мерекелік шара аясында қазақтың бай мәдениетін танытатын түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар алаңдағы жиналған жұрт домбыра үніне қосылып, халық әндерін шырқап, қазақ халқының ұлттық болмысын айқындайтын салт-дәстүр көріністерін тамашалады.

түр

Мерекенің басты нышаны – наурыз көже көпшілікке ұсынылып, мерекеге жиналғандар ырыс пен молшылықтың дәмін татты. Дастарқан басында ақсақалдар мен ел ағалары бата беріп, халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген сөзін тағы бір дәлелдегендей болды.

түр

Қазақ халқы үшін Наурыз – тек көктем мерекесі ғана емес, бірлік пен мейірімнің, достық пен ізгіліктің символы. Бүгінгі шара да осы құндылықтарды дәріптеп, көпшіліктің жүрегіне жылулық ұялатты.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15