«Таза Қазақстан» • 23 Наурыз, 2025

Тараздықтар «Денсаулық» саябағын қоқыстан тазартты

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күніне орай бірқатар саябақтар мен көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздықтар «Денсаулық» саябағын қоқыстан тазартты

Облыстық жастар ресурстық орталығының және «Жасыл ел» еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, «Денсаулық» саябағындағы арық-атыздар мен жолдағы күл-қоқыстарды тазалады.

Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың шаршы метр гүлзарлар мен 5,7 мың шаршы метр көгалдар орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау, 2 781 шақырым көше жолдарын, 668 140 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5,0 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді.