Аймақтар • 24 Наурыз, 2025

Қостанай облысында 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында тасқын суын қауіпсіз өткізу үшін 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Сонымен қатар, өңірдің 21 елді мекенін су тасқынынан қорғау үшін бөгет құрылысы аяқталған. Мәселен, Қостанай облысының 9 ауданы мен Рудный қаласында бөгеттер салынған. Ал Жангелдин ауданының Шеген, Сарысу және Тауыш ауылдарында бұл бағыттағы жұмыстарды таяу арада аяқтау жоспарланған.

«Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы ірі су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті. Су құрылыстарында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр», деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Әбдіқұлов.

Соңғы жаңалықтар