Медицина • 24 Наурыз, 2025

Елімізде туберкулезбен сырқаттанушылар саны азайған

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын 24 наурызда әлем туберкулезге қарсы күресте бірігеді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде туберкулезбен сырқаттанушылар саны азайған

Фото: Ашық дереккөзден

Флюорографиядан өткен 5,6 млн адамның 4 мыңнан астамынан туберкулез анықталған.

1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) туберкулезді халықаралық деңгейде белсенді күш-жігерді қажет ететін жаһандық проблема деп жариялады.

ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын 10 миллионға жуық адам туберкулезбен ауырады.

Туберкулезден болатын өлім шамамен 1,5 миллион адамды құрайды.

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылар қатары азайып келеді. Бұл ауруды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізудің арқасында мүмкін болып отыр.

Ауру мен өлім динамикасы:

Кейінгі 6 жылда сырқаттанушылық көрсеткіші 27%-ға, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 50%-ға төмендеген.

2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 4%-ға, ал өлім көрсеткіші 16,7%-ға азайған.

 

Соңғы жаңалықтар