Білім • 26 Наурыз, 2025

Оқушылар жұмысшы мамандықтарды меңгереді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 2023-2024 оқу жылынан бастап жоғары сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтарының негізін үйретуге бағытталған пилоттық жоба іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Оқушылар жұмысшы мамандықтарды меңгереді

Фото: zhaikpress.kz

Еліміздің 17 өңірінде іске қосылған жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Бастама мектептің білім беру жүйесінің практикалық бағытын күшейтуге және жастардың жұмысқа ерте орналасуына мүмкіндік жасауды көздейді.

«Кәсіптік даярлық колледждер базасында, ал жалпы білім беру пәндерін меңгеру мектепте басталады. 11-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар аттестат қана емес, орта техникалық білім туралы дипломын да алады», дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Пилоттық жобаға 150-ге жуық колледж және мектеп қатысуда. Жоғары сынып оқушылары еңбек нарығы үшін қажетті бағыттар бойынша білім алады, оның ішінде тамақтануды ұйымдастыру, автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу, тігін өндірісі және киімді модельдеу, киім дизайны, графикалық және мультимедиялық дизайн, дәнекерлеу ісі, жиһаз өндірісі, шаштараз қызметі қамтылған.

Бүгінгі таңда жобаға 2 мыңға жуық оқушы қатысып жатыр. Биыл 905 түлек кәсіби біліктілікпен қатар еңбек нарығына бірден шығуға мүмкіндік беретін колледж дипломын да қоса алады.
Жоба техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауға, экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарланған бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруға арналған мемлекеттік стратегиялық бағыт шеңберінде іске асырылады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50