Спорт • 26 Наурыз, 2025

Грек-рим күресінен 3 палуанымыз алғашқы белдесуде жеңілді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грек-рим күресінен 3 палуанымыз алғашқы белдесуде жеңілді

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

ТСМ Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, грек-рим күресінен бүгін бозкілемге шыққан 3 балуанымыз қарсыластарына есе жіберген. 

60 келіде Бақытжан Қабдыл жапон спортшысы Каито Инабадан айласын асыра алмады. 2022 жылғы Азия чемпионы отандасымыз Мейіржан Шермахамбет Оңтүстік Корея балуаны Мин Сун Квонға 5: 11 есебімен жол берді. 

72 келіде ел намысын қорғаған Әділхан Сатаев та алғашқы айналымнан аса алмады. Ол қырғыз балуанынан 7: 11 есебімен жеңілді. 

Енді бұл спортшылар қарсыласының жарыс жолындағы нәтижесіне қарайды. Егер олар финалға жолдама алса, Ұлттық құрама өкілдері жұбаныш кезеңінде белдесуге мүмкіндік алады. 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше