
Фото: astanatv.kz
ІІМ мәліметінше 5 сәуірден бастап ресми тіркеуден өтпеген мопедтер арнайы айып тұрағына қойылады. Ал иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады. Мәселен, құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілік көзделген (10 АЕК айыппұл)
Көлік құралын тіркеу — бұл заң талабы ғана емес, сонымен қатар сіздің жолдағы қауіпсіздігіңіз. Құқықтарыңызды қорғаңыз және жағымсыз жағдайлардың алдын алыңыз деп ескерткен министрлік мопедтерді уақытылы тіркеуге шақырады.