Ғалам ғажаптары • 27 Наурыз, 2025

Асфальтофон

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әлемнің бірнеше елінде арнайы музыкалық жолдар бар. Көлік дөңгелектері бұл жолдармен жанас­қанда діріл нақты бір әуенге ұласады.

Асфальтофон

Әрине, әуеннің дұрыс шығуы үшін жүргізуші белгіленген жылдамдықпен жүруге тиіс. Алғашқы мелодиялық жол — «Асфальтофон» деген атпен 1995 жылы Данияда салынған. Бұл – ұзақ әрі тақтайдай теп-тегіс трассаларда жүргізуші қалғып кетпес үшін таптырмас шешім.