
Фото: Emrah Gurel
Түркия президенті Р.Ердоған оппозицияның толассыз қарсылығы соңғы он жылда болмаған экономикалық құлдырауға әкеліп отырғанын мәлімдеді.
Ердоғанның бұл сөзі Республикалық халық партиясының (РХП) билікті қолдайтын компанияларға байкот жариялауға шақырғаннан кейін іле-шала айтылған.
Түркия басшысы оппозицияның мемлекет пен халықты отқа итеруден тайынбай тұрғанын мәлімдеді.
Билеуші Әділет және даму партиясының депутаттарына жолдауында Ердоған «түрік экономикасына бағытталған бүлікті ұйымдастыршылар сот алдында жауап береді», деді.