Әлем • 28 Наурыз, 2025

Ертең күн жартылай тұтылады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбіде Еуропа, Батыс Африка, Солтүстік Азия, сондай-ақ АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Канаданың шығыс бөлігіндегі тұрғындар күннің жартылай тұтылуын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Ертең күн жартылай тұтылады

Фото: Ашық дереккөз

Ғалымдардың мәліметінше, Ай Күннің бір бөлігін көлеңкелеп, аспанда жарты ай тәрізді көрініс қалыптастырады. Бұл ерекше құбылыс әр аймақта әртүрлі уақытта байқалады.

Атап айтсақ, Солтүстік және Оңтүстік Американың басым бөлігінде тұтылу таңғы уақытта көрінсе, Батыс Еуропа мен Африкада – таңертең, ал Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азияда – түстен кейін болады.