
Фото: Otyrar.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, отандастарымыз мінген көлік жол бойындағы қоршауға соғылып, бірнеше метрге ұшып, өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды жарты сағаттың ішінде ауыздықтағанымен, көлікте болған төрт жолаушының барлығы көз жұмған.
Қазіргі таңда жергілікті полиция оқиғаның себептерін анықтап, марқұмдардың жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.