Аймақтар • 28 Наурыз, 2025

«Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 сәуір күні Ақтауда қаланың түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты ресми ашылу салтанаты өтеді. Айтулы шара теңіз жағалауында ұйымдастырылып, түркі халықтарының ортақ құндылықтары мен Маңғыстау өңірінің бай мәдени мұрасы кеңінен таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді

Фото: Ашық дереккөз

Ашылу салтанаты үш бөлімнен тұрады:

  • «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен – Маңғыстау» – өңір тарихына саяхат;
  • «Маңғаз дала – мәңгілік мұра» – мәдени мұраны дәріптеу;
  • «Мақамы мәшһүр – Маңғыстау» – өнерпаздардың концерті.

Шара барысында түркітілдес елдердің өнер шеберлері мерекелік концерт қояды. Салтанатты кешті «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қаласына «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі өткен жылдың соңында ТҮРКСОЙ ұйымының Ашхабадта өткен 41-отырысында берілген еді.