
1 сәуір - «Әлқисса – Нұрғиса»
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, күйші-композитор, дирижер, Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Әлқисса – Нұрғиса» атты мерейтойлық концерт болады.
2-6 сәуір - «Дәуреннің дәурені»
Батыс туры аясында кино және театр актері, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазиннің Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларында «Дәуреннің дәурені» атты жеке шығармашылық кеші өтеді.