
Топ мүшелері ірі көлемде ақша иемдену үшін жәбірленушіге автокөлігінде күш қолданған. Адам ұрлау және бопсалау фактілері бойынша материалдар прокуратурада тіркелді және алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктілер ұсталды, оларға қатысты сот қамауға алу шарасын таңдады.
Қазір күдіктілердің басқа қылмыстық әрекеттерін анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.