
Фото: rb.ru
Германияның Isar Aerospace компаниясы шығарған Spectrum зымыраны ұшып көтерілгеннен кейін шамамен 20 секундтан соң траекториясынан ауытқи бастаған, сөйтіп жерге құлап, жарылған.
Ұзындығы 30 метрге жуық, салмағы 50 тонналық зымыран Аннейа аралындағы Нордмельдегі ұшыру алаңының маңында құлаған.
Зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.