
Фото: Shutterstock.com
Мәлімдемеде Иран әрдайым аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтынын, алайда елге төнген кез келген қауіпке, шабуылға немесе тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттерге қатаң шара қолданылатыны айтылған.
Ирандық әскери басшылардың айтуынша, ел аумағындағы зымыран қондырғылары толық дайындықта тұр. Кез келген агрессиялық әрекет басталған жағдайда баллистикалық зымырандар бірден іске қосылады.
Тегеран әсіресе АҚШ тарапынан жасалған өктем және арандатушылық әрекеттерге жиі тап болатынын мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды «бұрын-соңды болмаған ауқымды бомбалаумен» қорқытқан еді.
Иран билігі мұндай қысымға төтеп беруге дайын екенін тағы бір мәрте ескертіп, елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде екенін жеткізді.