Ғалам ғажаптары • 01 Сәуір, 2025

Швейцариядағы «макарон ағашы»

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Елде макарон жинау маусымы ­бас­талды».

Швейцариядағы «макарон ағашы»

1957 жылы 1 сәуірде BBC арнасы эфирге бір қызық сюжет шығарады. Онда Швейцариядағы бір отбасы ағаш бұтақтарынан салбырап тұрған макаронды теріп алып, ыдысқа салып жүргені көрсетіледі. Хабарды көрген жұрт аң-таң. Мыңдаған адам арнаға хабарласып: «Біз де сондай макарон ағашын өсірсек бола ма, қалай отырғызамыз?» – деп сұрапты. Бұл хабар күлкі күнінің тарихындағы ең танымал әзілдердің бірі ретінде есте қалды.