
Фото: depositphotos.com
Біржан сал ауданының полиция бөліміне арыз түсірген жергілікті тұрғынның айтуынша 22 наурызда көршісі оның атына банктің мобильді қосымшасы арқылы 1,2 млн теңге сомасында тауарлық несие рәсімдеген.
Күдікті кінәсін толық мойындады, факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу мәліметтері және полицейлердің сақтық тұрғысындағы ескертулері Polisia.kz сайтында хабарланды.