Үкімет • 01 Сәуір, 2025

Словениямен сауда-экономикалық ынтымақтастық сараланды

1356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Словениямен сауда-экономикалық ынтымақтастық сараланды

Фото: Үкімет

Сауда саласында Іскерлік кеңестің жұмысына назар аударылды, ол тау-кен, мұнай-газ және басқа да салаларда әріптестікті тереңдетудің және тәжірибе алмасудың қосымша тетігі болуы тиіс. Қазақстанда қолайлы бизнес-климат орнату үшін барлық шаралар қабылданып жатыр.

Көлік-логистика саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы ынтымақтастық та талқыланды. «Орта дәліз» бойындағы бірлескен логистикалық және инфрақұрылымдық жобалардың келешегі қарастырылды. Энергетика саласында инфрақұрылымға бірлескен инвестициялар тарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктері қаралып, су ресурстарын басқаруға да назар аударылды.

Сонымен қатар жаңа буынның цифрлық қызметтерін дамыту және ЖИ элементтерін енгізу бойынша бірлескен технологиялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Кездесу соңында екі ел президенттері қол жеткізген нақты уағдаластықтары мен бірлескен мәлімдемелерін жүзеге асыру мәселелері ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның ерекше бақылауында болатыны атап өтілді.