
Фото: Ашық дереккөзден
Бокс бәсекесінде 60 келіде Талғат Сырымбетов жергілікті былғары қолғап шебері Луис Оливейрамен жұдырықтасса, Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) үндістандық Нарендер Нарендерден айласын асырып көрмек. 50 келіде Нұрзат Оңғаров өзбекстандық Асылбек Жалиловпен қолғап түйістіреді.
65 келіде Алмат Әбдуали бразилиялық Юри Рейске қарсы келесі кезең жолдамасын сарапқа салады. Анита Адишева (54 келі) польшалық Виктория Рогалинскаямен өзара кім мықтыны анықтайды.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жекпе-жектер сессиясы Қазақстан уақытымен 22: 00, 02: 00-де өтеді.
Айта кетейік, осы халықаралық додада кеше ел атынан алғаш болып рингке көтерілген Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) төрешілердің шешімімен Майкл Триндадеден (Бразилия) басым түскен еді.