
Фото: Halyq Uni
Қозыбаев университетінің өкілдері мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына бағдарламаның артықшылықтарын түсіндіру үшін кәсіби бағдар беру керуенін жолға шығарды. Арнайы делегация құрамында оқытушылар мен студенттер бар. Олар Шымкент, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы 30 елді мекенді аралап, 6 500 шақырым жол жүреді.
Еліміздің жоғары оқу орны Аризона университетімен серіктестік орнатып, қос дипломдық білім беру бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл жоба «Серпін» бағдарламасының қатысушыларына халықаралық деңгейде білім алуға жол ашады.