
Фото: gov.kz
Жұмыс аясында ескі таңбалар алынып, жаңа сызықтар белгіленеді.
Таңбалау кезінде ауа райы жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы +10°C-тан төмен емес және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 85%-дан аспау керек. Мұндай шарттарды орындау бояуды, суық пластикті және термопластиканы қоса алғанда, арнайы жол белгілерін дұрыс қолдануда аса маңызды.
«2025 жылы қаланың жалпы ауданы 430 мың м2 болатын 190 көшесінде жол белгілерін қою бойынша жұмыстарды орындау жоспарланып отыр. Басым бағыттардың бірі «балалар қауіпсіздігі» бағдарламасын іске асыру болып саналады, ол балалар мекемелері мен мектептердің жанында орналасқан аудандарды қамтиды. Бұл бағдарлама жаяу жүргіншілер үшін, әсіресе балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға және оқу орындары маңындағы жол апаттарының алдын алуға бағытталған», делінген Астана қаласы әкімдінің хабарламасында.
Таңбалауды жаңарту бойынша жұмыстар қолайлы ауа райы болғанға дейін күндіз жүргізіледі.
Осыған байланысты әкімдік жолда сабырлық сақтап, белгіленген ережені бұзбауға шақырады.