
Фото: facebook.com/watch/fsd.gov.mm
Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2 700-ден асып, бұл көрсеткіштің 3 000-нан асуы мүмкін деп болжанған.
Айта кетейік, зілзаладан ең көп зардап шеккен аймақтар – Мандалай және Сагайн қалалары. Аман қалғандар көшеде түнеуге мәжбүр болған.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, қираған ғимараттардың астында қалған мәйіттердің жағымсыз иісі бүкіл апат аймағына таралған. Сонымен қатар өңірде су, азық-түлік және дәрі-дәрмек жетіспеушілігі байқалған.
Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, алайда уақыт өткен сайын тірі қалғандарды табу мүмкіндігі азайып келеді. Халықаралық ұйымдар мен жергілікті билік зардап шеккендерге қолдан келген көмекті көрсетіп жатыр.