
Фото: Ашық дереккөз
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бірінші қабаттағы қоқыс құбырынан шыққан. Жалын 1,5 шаршы метр аумаққа тараған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы төрт адамды эвакуациялаған. Өрт 19 минут ішінде толық сөндірілді.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен 10 студент ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта қосымша тексерулер жүргізіліп, кейін науқастар үй жағдайында ем қабылдайды.
Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.