
Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биыл наурыз айынан бастап пилоттық жобаға Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды қалалары, сондай-ақ Байзақ және Сарыағаш аудандары қосылған.
«Бұл механизм мемлекеттік қызметтерді ашық және тиімді көрсетуге, және мектепке дейінгі ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты бөлуге бағытталған. Жаңа жүйенің негізгі артықшылығы - балабақшалар арасындағы салауатты бәсекелестік және ата – аналарға арналған білім беру мекемесін таңдау еркіндігі есебінен қызмет көрсету сапасын арттырып жатыр», деді Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова.
Министрлік мәліметінше, ваучерлік қаржыландыруды пилоттық жоба ретінде іске асыру арқылы Тараз қаласының балабақшаларына кезек 12 есеге – 24 мыңнан 2 мыңға дейін, ал Түркістанда – 5 есеге-850-ден 169-ға дейін қысқарған.
Жоба жыл соңына дейін басқа өңірлерде де жүзеге асырылады.