Мәдениет • 03 Сәуір, 2025

«Ұлттық кітап» республикалық байқауы басталды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі 23-сәуір ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауы басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ұлттық кітап» республикалық байқауы басталды

Фото: informburo.kz

Байқау «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткізіледі. Мәдениет және ақпарат министрлігі байқау арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал етуді көздейді. Сондай-ақ, аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру мақсаты қойылған. 

Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады:
Балаларға арналған үздік кітап
Үздік комикс
Нон фикшн жанрындағы үздік кітап
Детектив жанрындағы үздік кітап
Сатира жанрындағы үздік кітап
Үздік илюстрациялық кітап
Үздік аударма кітабы
Фантастика жанрындағы үздік кітап
Үздік баспа
«Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы