Оқиға • 03 Сәуір, 2025

Шымкентте үндістандық студент қайтыс болды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте үндістандық студент қайтыс болды

фото: Шымкен ПД

Қайғылы оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жас жігіт достарымен бірге пәтер жалдап тұрған. Түн ортасы шамасында көрші бөлмеде күдікті дыбыстар естілген. Бөлмеге кірген олар Уткарш Шарманың ауыр халде жатқанын көрген.

щ

Достары бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда оқиға орнына жеткен дәрігерлер жас жігіттің көз жұмғанын айтты. Алдын ала диагноз: жедел жүрек жетіспеушілігі.

Медициналық академия өкілдері оқуға түскеннен кейін Уткарш толық медициналық тексеруден өтіп, денсаулығында ақау анықталмағанын хабарлады. Жақсы оқыды, жаман әдеттері жоқ, денсаулығына ешқашан шағымданбады.

Полицейлер өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

«Полиция ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмады. Өлімнің алдын ала себебі - кенеттен жүрек тоқтауы. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Ата-анасы марқұм ұлының денесін Алматы арқылы Делиге жеткізді.