
Англия корольдігінің премьер министрі Уинстон Черчилль өте шешен адам болған. Оның қиыннан қиыстырып айтқан ұтымды сөздері таңғалдырмай қоймайды. Бірақ шешен тілді шенеунік бұл қасиетін үнемі кемелдендіріп отыру үшін, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді жаттап жадын жаңғыртып отырған көрінеді.
Бірде көмекшісі Гарольд Макмиллан «Не істеп отырсыз, премьер-министр?», десе, Уинстон Черчиль «экспромтқа дайындық жасап отырмын», деген екен.
Ел ішінде бір айтыскер ақын сахнаның сыртында «суырып салатынымызды еске түсіріп алайық» деп дайындалған шумақтарын қайталап отырғаны бар еді.
Сондықтан импровизацияны ғайыптан тайып сіздің аузыңызға түсе қалған сәтті сөз деп емес, тұрақты еңбектің арқасында қол жеткізген тапқырлық деп бағаланымыз жөн.