Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филадельфия қаласының тұрғыны Крис Киарс 16 жасында жол апатына түсіп, иіс, дәм сезу қабіле­тінен айырылып қалған. Соған қара­мастан ол аспаз болу арманынан бас тартпаған.

Дәм сезбейтін аспаз

Крис АҚШ-тағы ең беделді мейрамханалар – «French Laundry» мен «Alinea»-да жұмыс істеп, тәжірибе жинаған. Бүгінде Крис өз мейрамханасын ашқан табыс­ты кәсіби аспаз. Ол иіс, дәм сезбесе де тағамның үйлесімін түсіне, дыбысына қарап түйсігімен біледі екен.