
Фото: prosports.kz
Бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) – ұлыбританиялық Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) жұдырықтасты.
10 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Батыр Жүкембаевтың қолы көтерілді.
Тартысты айқастан кейін спортшы жанкүйерлеріне алғыс айтты.
«Астана төріндегі жекпе-жек мен үшін ерекше, себебі менің бүгін туған күнім. Келіп қолдаған халқыма ризамын. Әрдайым бір- бірімізді қолдайық», деді Б. Жүкембаев.