Аймақтар • 05 Сәуір, 2025

Павлодардағы Ақкөл-Жайылмаға су босатыла бастады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандар Екібастұздың ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданы бойынша 21 мың гектардан астам шабындықты су басады деген үмітте,-деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодардағы Ақкөл-Жайылмаға су босатыла бастады

Павлодар облысында Шідерті өзеніне су жіберіле бастады. Жыл сайынғы дәстүрлі шара аясында Ертіс өзеніне жалғанған Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан үлкен көлемде су босатылады. Бұл Ақкөл-Жайылма алқабындағы экожүйені қалпында сақтап, ауыл шаруашылығы саласын қажетті мөлшерде жем-шөппен қамтамасыз етеді.

- Бүгін, 4 сәуірде оңтайлы ауа райы жағдайлары мен топырақ ылғалдылығының жай-күйін ескере отырып, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Шідерті өзеніне табиғатты қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жіберулер басталды. Бекітілген көлем 120 млн. текше метрді құрайды. Жалпы, су жіберу есебінен Екібастұз қаласының ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданында орналасқан 21 мың гектардан астам шабындық алқаптарын су басады деп болжануда. Су жіберулердің барлық кезеңін мердігер ұйым және облыс әкімдігі бақылайтын болады,-деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева.

Павлодар облысы

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ел ырысын еселеген еңбек ұжымы

Өндіріс • Бүгін, 08:55

Қой қоздап, қорада шу...

Еңбек • Бүгін, 08:45

Күн қуаты

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Сегіз медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 08:35

Озат оқушылар олжалы оралды

Байқау • Бүгін, 08:30