Қоғам • 06 Сәуір, 2025

Атбасарда 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойған: оқиға орнына ТЖМ жетті

9897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Атбасар қаласында 97 жастағы қарт әже үйінің ішінде құлап қалып, байланысқа шыға алмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атбасарда 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойған: оқиға орнына ТЖМ жетті

ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, әженің үйіне келген әлеуметтік қызметкер есігін қағып, жауап ала алмаған. Қария ұзақ уақыт есігін ашпаған соң, әлеуметтік қызметкер құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, қарияның жерде жатқанын көрген. Қарияны жедел жәрдем бригадасына тапсырдық», - дейді құтқарушылар.