
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Ол Рioneer отбасылық инклюзивті курорты 2015 жылы Алматы қаласының Медеу ауданында, Қазақстанның ең көне тау шаңғысы беткейлерінің бірінің базасында құрылғанын атап өтті.
«Егер мемлекет базалық тау инфрақұрылымын қамтамасыз етсе, Альпі елдерінде ғасырлар бойы қалыптасқан мұндай отбасылық бизнес-кейстер біздің елімізде одан да көп болар еді. Қазақстан біргегей табиғи ресурстарға ие бола отырып, дәл осындай бағытта дамуы тиіс деп сенеміз. Тауға шығу барлық балалар үшін қолжетімді әрі қауіпсіз болуы керек. Біздің бағдарламаларымыз арқылы 6 мыңнан астам бала өтті. 100-ден астам инструктор дайындадық. Дүниежүзілік банктің қолдауымен ғылыми зерттеу жүргізілді. Бұл – жай ғана сандар емес. Бұл – алғаш рет сөйлеген, жүрген, қарым-қатынасқа түсе бастаған балалар. Бұл – үміті қайта оянған отбасылар», деді Мұрат Қаратай.
Мұрат Қаратай бүгінде елімізде балалар мен отбасылық туризмді дамыту мәселесі өзекті екенін, жыл сайын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келетінін, олардың саны 300 мыңнан асатынын айтты.
Айта кетейік, Алматы тау кластері модельді кеңейтуге, отбасыларға, балаларға, қауіпсіздікке және әлеуметтік инклюзияға бағдарланған жаңа үлгідегі мамандандырылған курорттарды дамытуда шешуші рөл атқара алады.
Сонымен қатар ол республикада инклюзивті және балалар курорттарының желісін құруды, сондай-ақ инклюзивті және балалар туризмі бойынша мамандар даярлаудың Ұлттық орталығын құруды ұсынған.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет бұл мәселеде міндетті түрде қолдау көрсететінін атап өтті.
«Алматы тау кластерін дамыту шеңберінде балалар туризмі үшін, оның ішінде ерекше балалар үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ету қажет», деп атап өтті Олжас Бектенов.