Аймақтар • 08 Сәуір, 2025

Рудныйдағы балалар орталығынан қашып кеткен екі жасөспірім табылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Рудный қаласындағы «Ерекше білім беру қажеттілігі бар отбасыларды қолдау орталығы» мекемесінен рұқсатсыз шығып кеткен 15,17 жастағы екі жасөспірім бүгін аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Рудныйдағы балалар орталығынан қашып кеткен екі жасөспірім табылды

Балаларды түнімен полиция қызметкерлері мен екі бірдей еріктілер жасағы, ұзын ырғасы 34 техника, 100-ге жуық адам іздеді.  

Бүгін екі жасөспірімнің Рудныйдан шығып, Қостанай ауданына қарасты Константинов ауылына жаяу жеткені белгілі болды. Осы ауылдың маңындағы орманға түнеп шыққан балалар бүгін таңертең күре жолдың бойына шығып, жергілікті ветеринария қызметінің автокөлігіне отырған.

«Көлік иесі дереу учаскелік полицейлер Жасұлан Әбілғазы мен Махамбет Ерубаевқа хабарласқан. Олар  көліктің маркасы мен нөмірін жазып алып, әріптестеріне хабар жібереді. Полиция инспекторы Нұрсұлтан Махин балалар мінген «Нива» көлігін Садовый мен Алтынсарин елді мекендерінің маңында тоқтатып, екі жасөспірімді полиция бөліміне жеткізді. Балалар ешбір зардап шекпеген. Қазір олармен ювеналды полиция қызметкерлері сөйлесіп жатыр. Жақын арада Рудныйға қайтарылады», деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің бірі полиция қызметкерлеріне Қостанайда тұратын анасына кетіп бара жатқанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35