Тағайындау • 08 Сәуір, 2025

Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан біраз уақыт бұрын көркем гимнастикадан қазақтың атақты спортшысы Әлия Юсупова Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлік қызметінен өз еркімен босатылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Кеше ғана республикамыздың бас командасының тізгінін кімнің ұстағаны белгілі болды. Ол – Лола Әділбекова. Аталған маман 2002 жылы Пусанда алауы тұтанған Азия ойындарының командалық сайысында қола жүлдегер атанып, әлем чемпионатына қатысты. Бірақтар елішілік және халықаралық турнирлерде жеңіс тұғырына көтерілді.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Әділбекова 2010 жылдан бері жаттықтырушылық қызметпен айналысып келеді. Шымкент қаласында еңбек еткен оның Елжана Тәниева, Даяна Әбдірбекова, Роза Әбитова, Милана Парфилова және тағы басқа шәкіріттері көптеген дүбірлі додаларда дараланды. Лола – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.