ПЕТРОПАВЛ. 5 мамыр. Былтыр күздің жауын-шашынды болуы салдарынан Қызылжар өңірінде де маңдай термен өсірген астығын жинай алмай, қар астында қалдырған шаруашылықтар аз емес. Күннің жылынып, жер дегдісімен олар «қыр кемелерін» егін танаптарына шығарып, қызу еңбек көрігін қыздырып сала берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
«Көктемде астық ору өңіміз түгіл түсімізге енбеген жайт. Табиғат өктемдігіне қарсы тұрар күш жоқ. Мамандардың айтуынша, өткен жылы астық жинауға 12 күн ғана қолайлы болыпты. Тым болмаса, шығынды ақтамаса да, жемазыққа жарап қалар деген үмітіміз бар. Жоқтан жақсы ғой», дейді тәжірибелі комбайншы Владимир Долганов.
Агроқұрылым басшылары көктемде астық ору оқиғасының осыдан жарты ғасыр бұрын орын алғанын еске алады. Кейбір шаруа қожалықтары егінді дестеге түсіргенімен, бастыруға үлгірмепті. Мұндайда өнімділік туралы сөз қозғаудың өзі артық. Механизатор Владимир Остапиннің мәлімдеуінше, астық ысырабы көп. Малдың тұяғына тапталған. Дала кеміргіштері зиян келтірген. Гектар шығымдылығы екі центнерге ғана жетеғабыл.
Жиналған астық барынша тазартылып,құс фабрикалары мен мал шаруашылығымен айналысатын серіктестіктерге жөнелтілуде. Ал, әлі пісіп-жетілмеген майлы дақылдарды жинау технологиясы тіпті күрделі. Соған қарамастан астық үшін жанталасқан диқандар ел ризығын жинап алудың барлық жолдарын қарастыруда.
Шенеуніктер алқаптардың небәрі үш пайызы ғана орылмай қалды деп есеп берген болатын. Қыр үстіндегі қарбалас қимылға қарасақ, сөз бен іс үйлеспейтін сықылды.
Өмір Есқали.
Дерек: КТК телеарнасы.
Сурет: egemen.kz
• 05 Мамыр, 2015
Солтүстік Қазақстан егіншілері былтырғы астықты жинауда

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29