
Фото: Polisia.kz
Шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданса, заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Polisia.kz ақпаратынша жыл басынан бері ҚР-ның көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 14 факт тіркелген және шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді заңсыз тартудың 241 фактісі анықталған.