
Бұланды аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Айтуына қарағанда, өзінің жиені электрондық-цифрлық қолтаңба кілтін жасауды сұраған. Нағашы апасын алдаған жиен шағын кредиттік ұйымдардан 11 несие рәсімдеп, 629 мың теңгені қалтасына салып алғысы келген. Кейін ол апасының абоненттік құрылғысын пайдаланып, банкоматтардан қолма-қол ақша алған. «Өтіріктің құйрығы бір тұтам» дегендей, жиеннің арам ойы іске аспай, көп ұзамай ұсталды. Енді жазасын тартпақ. Облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ермек Манаповтың айтуына қарағанда мұндай оқиғалар жиі қайталанады.
Өзгені былай қойып жиеннің өзі нағашыларын үптеп кетіп жатса, «қазаннан қақпақ кетсе, иттен де ұят кетеді» дегеннің кері келіп тұр. Демек, әркім сақтық жайын ұмытпағаны абзал-ау.