Қоғам • 10 Сәуір, 2025

Қазақстан мен Кипр сотталғандарды беру туралы келісімге келді

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Кипр сотталғандарды беру туралы келісімге келді

Келісімге өткен жылдың наурыз айында Астанада қол қойылған.

«Келісімге сәйкес тараптар бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталғандарды жазасын немесе оның қалған бөлігін өз елінде өтеуді жалғастыру үшін бір-біріне беруге міндеттелді. Бас прокуратура Қазақстаннан сотталғандарды беру туралы шешімдерді орындауға жауапты орган болып белгіленді», деді сенатор Советбек Медебаев.

Сонымен қатар, егер сотталушы сот шешімі бойынша залалды өтемеген болса, сондай-ақ егер бұл адамға қатысты үкім шығарған елде қылмыстық қудалау жүргізіліп жатқан жағдайда, ол үкім шығарған елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне зиян келтіруі мүмкін болса, беруден бас тартуы мүмкін.