2015 жылғы 31 наурыз , Астана қаласы
Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 69-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған әділет орғандарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті аталған бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
4. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.Имашев.
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
__________ Б.Сұлтанов.
2015 жылғы «__» _________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы №191 бұйрығымен бекітілген
Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған
алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы
№
р/с Үй-жайдың атауы Өлшем бірлігі Үй-жайдың алаңы
1 2 3 4
Әділет орғандарына арналған ерекше үй-жайлар
1 Жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің мұрағаты үшін үй-жай: шаршы м.
Аудандық (қалалық) әділет басқармасы 220
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменті 600
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10655 болып енгізілді.