2014 жылғы 13 қараша, Астана қаласы
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр В. Школьник.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы _______________ Т. Жақсылықов
2014 жылғы 27 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы __________ Ж. Қасымбек
2014 жылғы 26 қараша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және
оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
1. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты
жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне
Р/с
№ Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1 лауазымды адамдар мен радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың иерархиясы белгіленген өтініш берушінің ұйымдық құрылымы өтініш беруші бекіткен
графикалық схеманың немесе ұйымдық құрылымның мәтіндік сипаттамасының көшірмесі
еркін нысанда
2 мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажет ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес машиналардың, механизмдердің және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
3 мәлімделетін жұмыстар бойынша тиiстi бiлiмi, даярлығы бар мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамы осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
3-қосымшасына сәйкес
мамандардың білікті құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4 құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензиялар осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
4-қосымшасына сәйкес
лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті
қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
5
ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасының орналасқан алаңын таңдау актiсі алаңды таңдау актісінің көшірмесі бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
6 ядролық қондырғыны және/немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасының физикалық қорғау жүйесінің жобасы осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
5-қосымшасына сәйкес өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген физикалық қорғау жүйесі жобасы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
7 техникалық жүйелер мен жабдықтарды сынау актiлерi, пайдалануға қабылдау актiлерi, аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау актiлерi өтініш беруші бекіткен сынау және қабылдау актілерінің көшірмелері бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
8
ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтардың қоймасын физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесін қабылдау актiсі өтініш беруші бекіткен ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтардың қоймасын физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесін қабылдау актiсінің көшірмесі
бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
9
объектiнiң қауiпсiздiгiн талдау бойынша алдын ала есеп өтініш беруші бекіткен объектінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі алдын ала есептің көшірмесі
бұл тармақ ядролық қондыр-ғыларды, радиоактивті қал-дықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
10
объектiнi пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспары өтініш беруші бекіткен объектiнi пайдаланудан шығару жоспарының көшірмесі
бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
11 еңбекке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулықтардың алдын алуға бағытталған жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, тексеруді және сынауды қамтамасыз ететін қызметтер өтініш берушінің қызметтерді құру туралы бұйрықтарының көшірмелері;
қызметтер туралы ережелердің көшірмелері; кестелердің, жұмыстарды жүргізу журналының көшірмелері бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
12 радиациялық қауіпсіздік қызметі өтініш берушінің қызметті құру туралы бұйрығының, қызмет туралы ереженің, радиациялық бақылауды жүргізу нұсқаулықтарының, кестелері мен әдістемелерінің көшірмелері, радиациялық бақылау аспаптары мен өлшеу құралдарын тексеру сертификаттарының көшірмелері; радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификаттарының көшірмелері бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
13 иондаушы сәуле шығару көздерi мен радиоактивтi қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма
объектіні орналастыру жоспар-схема-сының көшірмесі; «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының есепке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде №7424 тіркелген) уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
14 мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы өтініш беруші бекіткен бағдарламаның көшірмесі
15 ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті жөніндегі нұсқаулық өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтардың көшірмелері
бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
16
радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары өтініш беруші бекіткен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген жоспардың көшірмесі бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
17 авария жағдайында персоналдың iс-қимылын пысықтауға арналған аварияға қарсы іс-шаралар жүйесі өтініш беруші бекіткен авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтауға арналған әдістеменің, аварияға қарсы жаттығуларды өткізу бағдарламасы мен кестесінің көшірмелері бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
18 ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау жөніндегі қызметтер осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
қызмет туралы ереженің көшірмесі; есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
19 объектінің жобасында көзделген барлық жұмыс режимдерi үшін, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезiнде қажет көлемде объектiде, санитариялық-қорғау аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесi өтініш беруші бекіткен радиациялық жағдайды бақылау бағдарламасының, өлшеу әдістемелері мен өткізу кестелерінің, өлшеулерді өткізу журналының, өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
20 өтініш берушінің персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есепке алу жүйелері
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың және жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің көшірмелері, өлшеу жүргізудің аттестатталған әдістемелерінің көшірмелері, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің көшірмелері, тексеру сертификаттарының көшірмелері, жеке дозиметрлік бақылау нұсқаулығының көшірмелері, дозиметрлік өлшеулердің жеке карточкаларының көшірмелері, жеке карточкаларды есепке алу журналының көшірмесі бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
21 ядролық қондырғыны және/немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету үшiн пайдаланушы ұйымда қажеттi қаржы құралдары осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
8-қосымшасына сәйкес қажетті қаржы қаражаты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
22 қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
23 объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
24
міндетті экологиялық сақтандыру шарты
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты
2. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке
Р/с
№ Біліктілік талаптары мыналардың
болуын қамтиды: Біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1 лауазымды тұлғалардың және радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген өтініш берушінің ұйымдық құрылымы өтініш беруші бекіткен
графикалық схеманың немесе ұйымдық құрылымның мәтіндік сипаттамасының көшірмесі
еркін нысанда
2 мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
1-қосымшасына сәйкес мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажет ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
2-қосымшасына сәйкес машиналардың, механизмдердің және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3 радиациялық қауіпсіздік қызметтері осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
6-қосымшасына сәйкес қызмет туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
қызмет туралы ереженің көшірмесі;
өндірістік радиациялық бақылаудың өлшеу жүргізу әдістемесі мен кестесінің көшірмелері; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері
4 ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау бойынша қызмет осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
6-қосымшасына сәйкес қызмет туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
қызмет туралы ереженің көшірмесі; ядролық материалдарды есепке алу және бақылау нұсқаулығы мен әдістемесінің көшірмелері
5 ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесін қабылдау актiсі қабылдау актісінің көшірмесі
6 экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің бағдарламасы өтініш беруші бекіткен бағдарламаның көшірмесі
бұл тармақ ядролық материалдарды іске асыру жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты
7 өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар мына құжаттардың: мәлімделетін жұмыстарды жүргізу барысындағы ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың;
персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтың;
өтініш беруші бекіткен
радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының;
мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын анықтайтын
технологиялық регламенттің көшірмелері
8 персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесі осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
7-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың және жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің көшірмелері, өлшеу жүргізудің аттестатталған әдістемелерінің көшірмелері, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің көшірмелері, құралдарды тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері,
өлшеулер жүргізу, өлшеулер нәтижелерін есепке алу, сақтау, бақылау жөніндегі нұсқаулықтың, дозиметрлік өлшеулердің және карточкалардың көшірмелері
9 тиiстi бiлiмi, дайындығы бар әрі мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамы осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
3-қосымшасына сәйкес
мамандардың білікті құрамының бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
10 меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі радиоактивтi қалдықтарды сақтауға арналған қойма
қойманың жоспар-схемасының көшірмесі, «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының есепке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде №7424 тіркелген) уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген қоймаға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі
11 қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
12 қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
13 міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3. Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және
қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке
Р/с
№
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1
мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған
үй-жайлар үй-жайлардың жоспар-схемасының немесе техникалық паспорттарының көшірмесі,
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1- қосымшасына сәйкес ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы мәліметтер нысаны; «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының есепке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде №7424 тіркелген) үй-жайлардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу актісінің көшірмесі бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді;
2 мәлімденген жұмыстар бойынша тиісті білімі және арнайы дайындығы бар және мәлімделген жұмыстарды жүзеге асыруға жіберілген мамандардың білікті құрамы арнайы дайындығы, тиісті білімі туралы құжаттардың көшірмелері және осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес
мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді
3 радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды есепке алу және бақылау жөніндегі қызметтер (немесе жауапты тұлға) осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; қызмет туралы ереженің (немесе жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмесі
4 жұмыс орындарындағы өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету кестенің және соңғы радиациялық бақылауды жүргізу хаттамасының көшірмесі, радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді
5 өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар
мынадай құжаттардың көшірмелері: мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың;
персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтардың;
радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтың;
радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптардың және қондырғыларды түгендеу актісінен үзінді көшірменің; жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын анықтайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың
технологиялық регламентінің көшірмелері
6 өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын өлшеу және есепке алу жүйесі осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
7-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді
7 фирма ішіндегі экспорттық бақылау жүйесінің бағдарламасы өтініш беруші бекіткен бағдарламаның көшірмесі
бұл тармақ мәлімделген қызмет құрамында уранды қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізу бойынша жұмыстар болған кезде табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметінің кіші түріне ғана жатады
8 иондаушы сәуле шығару көздерінің жұмысының сапасын бақылауға және радиациялық шоғырларды калибрлеуді жүргізуге жауапты (қызмет немесе жауапты тұлға) медициналық физиктер
қызмет (немесе жауапты тұлға) туралы бұйрықтың көшірмесі; қызмет туралы ереженің (немесе жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмесі;
медициналық физиктердің шоғырды калибрлеуді жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломының және арнайы даярлығы туралы құжаттардың көшірмелері; жүргізу кестесінің және шоғырларды калибрлеу және сапасын бақылау жүргізудің соңғы хаттамасының көшірмесі;
шоғырларды калибрлеу және сапаны бақылау үшін пайдаланылатын құралдарды тексеру сертификаттарының көшірмелері бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларды пайдалану бойынша жұмыстарға ғана жатады
9 радиоактивті заттарды, аспаптарды және қондырғыларды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма қойманың жоспар-схемасының көшірмесі; «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының есепке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде №7424 тіркелген) қоймаға уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық орган берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелері егер құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар аралық немесе уақытша жеке сақтауды қажет етпейтін болса және әрдайым пайдалану және қайта зарядтау барысында жұмыс орнында болса, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді
10 құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттама
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе: осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
3-қосымшасына сәйкес мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық құралдар мен қондырғыларды және радиоизотоптық тексеру жабдықтарын пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты
11 радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану құқығына
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді
12 радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау үшін лицензия осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
4-қосымшасына сәйкес
лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны немесе осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
10-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақты мәлімделген қызмет құрамында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау операциясы болған кезде орындау талап етіледі
13 қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
14
қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру
шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны құрамында радиоактивті заттар бар өнеркәсіптік аспаптар мен қондырғыларға бұл тармақты орындау қажет
4. Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен
жұмыс iстеу жөніндегі қызметке
Р/с
№
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1 мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі арнайы үй-жайлар арнайы үй-жайлардың жоспар-схемасының көшірмесі немесе техникалық паспорттарының үзінді көшірмесі;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
1-қосымшасына сәйкес ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
егер өтініш беруші иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғылардың иесі болмаса (меншік немесе жалға алу құқығында) және жұмыстарды тапсырыс берушінің аумағында жүргізсе, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді
2
радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет (немесе жауапты тұлға) қызмет (немесе жауапты тұлға) туралы бұйрықтың көшірмесі;
қызмет туралы ереженің көшірмесі (немесе жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы);
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3 жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету кестенің және соңғы радиациялық бақылауды жүргізу хаттамасының көшірмесі, радиациялық бақылау құралдарын тексеру сертификаттарының көшірмесі немесе:
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
10-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4
өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар мынадай құжаттардың: мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың;
персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтың;
иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісінен үзінді көшірменің;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайларын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентiнің көшірмелері
5 радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген өтініш берушінің персоналының сәулелену дозаларын өлшеу және есепке алу жүйелері осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
7-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6 иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғылардың жұмыс сапасына бақылау жүргізу туралы құжаттама аппараттың сапасына (пайдалану параметрлері) бақылау жүргізу хаттамасының көшірмесі;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдалану және дайындау бойынша жұмыстарға ғана қатысты
7 персоналдың және пациенттердің жеке қорғану құралдары осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
11-қосымшасына сәйкес жеке қорғану құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты
8 мәлімделетін жұмыстар бойынша тиісті білімі, арнайы дайындығы бар және мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген мамандардың бiлiктi құрамы осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
3-қосымшасына сәйкес мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
9 иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы құжаттамалар
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
немесе: осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларды және қол жүгі мен багажды тексеруге арналған жабдықтарды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты
10 иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу құқығына
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі
11 қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
12 қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ иондаушы сәулеленудi генерациялайтын өнеркәсіптік қондырғылар мен аспаптар үшін қажет
5. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке
Р/с
№
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1 мәлімделетін жұмыстар бойынша тиісті білімі, арнайы дайындығы және жұмыс тәжірибесі (немесе кемінде 1 ай тағылымдамасы) бар мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген мамандардың бiлiктi құрамы мәлімделген жұмыстар бойынша мамандардың білімі, арнайы дайындығы (дайындау бағдарламасымен қоса) және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелері;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
3-қосымшасына сәйкес мамандардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2 мәлімденген жұмыстардың әрбір кезеңін орындаудың технологиялық регламенті өтініш беруші бекіткен жұмыстардың негізгі тәсілдері, әрбір операцияның орындалуының жүйелі тәртібі, өлшеу әдістемелері, жұмыстардың шегі мен жағдайлары белгіленген технологиялық регламенттің көшірмесі
3 қызмет немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ персоналды жеке дозиметрлік бақылау жөніндегі қызметтің кіші түріне қатысты емес
4
радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық өтініш беруші бекіткен
нұсқаулықтың көшірмесі бұл тармақ мынадай:
құрамында радиоизотоптық иондаушы сәулелену көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу; иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау бойынша қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты
5
мәлімденген жұмыстарға жіберілген өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын өлшеу және есепке алу жүйесі осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің
7-қосымшасына сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ
құрамында радиоизотоптық иондаушы сәулелену көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу; иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау бойынша қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты
6 қолданылатын аспаптардың әрбір параметрі бойынша сынау мерзімділігі бойынша тестілеудің түрлері мен әдістемелерін сипаттай отырып тестілік сынаулар жүргізу бағдарламасы өтініш беруші бекіткен бағдарламаның көшірмесі бұл тармақ иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау бойынша қызметтің кіші түріне ғана қатысты
7 мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 12-қосымшасына сәйкес
өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
бақылау аспаптары мен өлшеу құралдарын тексеру сертификаттарының көшірмелері;
8 мәлімденген жұмыстарды орындауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар
«Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының есепке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде №7424 тіркелген) үй-жайға уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі; мамандандырылған үй-жайлардың, зертханалардың жоспар-схемасының көшірмесі, осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымша-сына сәйкес ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бұл тармақ
өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердіңмөлшерін анықтау; персоналды дозиметрлік жеке бақылау бойынша қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты
9 қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы шарт осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мә