Аймақтар • 12 Сәуір, 2025

Конго-Қырым қызбасы: 46 елді мекен табиғи ошақта орналасқан

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конго-Қырым қызбасы: 46 елді мекен табиғи ошақта орналасқан

Облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың айтуынша, залалсыздандыру жұмысы үш кезеңге жоспарланған. Өңірдегі 46 елді мекен Конго-Қырым қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Осы жылы 24392 қора жай (көлемі 5,7 млн шарша  метр) мен 168 мың шарша метр буферлік аймаққа, барлығы 580 мың бас ауыл шаруашылығы жануарына залалсыздандыру жұмысы жүргізілмек. Сәуірде басталған жұмыстың екінші және үшінші кезеңі тамыз-қыркүйек айларында жалғаспақ. Қолға алған істі дер кезінде іске асыру үшін жеткілікті көлемде қажетті дәрі-дәрмек сатып алынған.

Басқарма басшысы келтірген дерекке сенсек, жыл басынан бері кене шаққан адамдардың қан сынамасы алынған. Олардың анализ талдауларының нәтижесі теріс нәтиже көрсеткен.

«Залалсыздандыру жұмысы сапалы орындалуы тиіс. Бұл жұмыстың нәтижесін күнделікті зерделеп отырамыз», дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

15 сәуірден бастап жауапты қызметкерлер оқушыларға кенеден сақтану жолдарын түсіндіруді қолға алмақ. Сондай-ақ мал базарлары мен қасапханалардағы санитарлық норманың сақталуы да жауапты тұлғалардың бақылауында болмақ.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25