Спорт • 14 Сәуір, 2025

Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Спорттық гимнастика: Хорватияның Осиек қаласында Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы спортшылары үш медаль жеңіп алды. Милад Карими кермедегі жаттығуда топ жарып, еркін жаттығуда қола жүлдені еншіледі. Ал Нариман Құрбанов тұтқалы ат бағдарламасында үшінші орынға ие болды.

Теннис: Қазақстанның әйелдер және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды. Әйелдер командасы кезекті рет Билли Джин Кинг кубогінің, ал жасөспірімдер командасы ел тарихында екінші рет әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Таэквондо: Сербияның Белград қаласында өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде Қазақстанның кадеттер және жасөспірімдер құрамалары 11 медаль олжалап, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20